Полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрды деп айыпталды
Павлодарда бір полицей екіншісін соққыға жыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат бірқатар БАҚ ресурстарында тарады. Кейбіреуі таяқ жеген тергеушінің әйел екенін жазды.
Осы жағдайға облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әлеуметтік желіде түсінік берді.
Оның айтуынша, 13 қазан күні Павлодар қалалық полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түскен.
- Менің тапсырмаммен полиция департаменті аталған факті негізінде қызметтік тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады, - деді Василий Скляр.
Қызметтік тергеудің нәтижесі бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық жаза тағайындалады.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында көлік апатынан 9 адам зардап шекті