|
14.10.2023 | 18:10
4630

Жетісу облысында көлік апатынан 9 адам зардап шекті

Тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды

Жетісу облысында көлік апатынан 9 адам зардап шекті Сурет: Жетісу облысы ПД

Жетісу облысында жүк көлігі мен «Audi-100» маркалы жеңіл машинасы соғылып, 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні Балпық би — Мәмбет тасжолының Еңбекшіқазақ ауылының маңында болған.

 - Жол апатына түскен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, медициналық тексеруден кейін екі көліктің де жүргізушісі амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туған төрт бала бар, — деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда қанша жерасты және жерүсті өткелі жөндеуден өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир