Атырау облысында жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының Еркінқала-2 кентінде 2009 жылғы жеткіншекті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол 10 маусым күні сағат 18:00-де велосипедпен үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
«Ауданның барлық төңірегі тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Сол күні таңертең кинологиялық есеппен Орал өзенінің жағалауынан велосипед пен баланың заттары табылды», - делінген хабарламада.
Сағат 8:10-да Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бес қызметкерінің, бір бірлік техника, бір кинологиялық есеп және бір жүзу құралының көмегімен суға кеткен баланың денесі судан шығарылды.
Анықталғандай, жеткіншек өзеннің суға түсуге тыйым салынған тұсында суға түскен екен.