Шығыс Қазақстанда 23 вагон рельстен шығып кетті: локомотив өртенді

Фото : YK-news.kz
Фото : YK-news.kz
Пойыз жолаушыларын автобустармен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қатты желдің салдарынан стансада тұрған жүк вагондары өздігінен қозғалып, жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 25 тамызында 08 сағат 15 минутта Жақсыбұлақ стансасында қатты желдің салдарынан жүк вагондары өздігінен орнынан қозғалып, келіп қалған №3471 жүк пойызына қарай жылжып, соқтығысты», – делінген хабарламада.

Соқтығыс салдарынан 1525 километрде локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Балқаш, Ақтоғай стансаларынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары жөнелтілді.

Апаттың себеп-салдарын тексеру үшін оқиға орнына арнайы комиссия жолға шықты.

Оқиға салдарынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық» бағытындағы №54 пойыз уақытынан кешікті.

Пойыз жолаушыларын автобустармен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.

Новости партнеров