Түркиядағы жол апаты: зардап шеккен екінші қазақстандық көз жұмды

сурет: freepik
сурет: freepik
Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілген еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда жол апатынан зардап шеккен екінші қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, отандасымыз Алания мемлекеттік емханасында көз жұмған. Құжаттар ресімделгеннен кейін марқұмның денесі елге қайтарылады. Еске сала кетсек, осыдан 4 күн бұрын Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобус жол апатына түсіп, ауруханада жатқан 1 отандасымыз бақилық болған еді. Оның денесі елге жеткізілді.

– Жол апатынан зардап шеккен 6 отандасымыз Қазақстанға оралды. Қазір Алания ауруханаларында 4 азамат дәрігерлердің бақылауында. Оларға барлық қажетті медициналық көмек берілуде, – деді ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Ерлан Жетібаев.

Еске салайық, Аланиядағы жол апаты: екі қазақстандық туристке ота жасалды

Новости партнеров