Ақтөбе облысында 17 жастағы жүргізуші үш адамды қағып кетті

polisia.kz
polisia.kz
3 жасар бала көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысын Мәртөк ауданының 17 жастағы тұрғыны үш адамды қағып кетті. Өкінішке қарай жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 3 жасар бала жедел-жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 тамызда сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен келе жатқан ВАЗ-21140 автокөлігінің 17 жастағы жүргізушісі 28 жастағы жаяу жүргінші мен жолдан өтіп бара жатқан екі кәмелетке толмағандарды қағып кетті.

«ЖКО салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Түркияда жол апаты: зардап шеккен екінші қазақстандық көз жұмды

Новости партнеров