|
11.03.2024 | 12:53
1494

Таразда қоймадан өрт шықты

Оқиға орнында 13 техника мен 40 құтқарушы жұмыс істеді

Таразда қоймадан өрт шықты Almaty.tv

Тараздағы сауда орындарының бірінен өрт шықты. Қызыл жалын Омар ата базарындағы 5 қойманы шарпып, ішіндегі тауарымен бірге жермен-жексен еткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оларда азық-түлік пен тұрмыстық химиялық және пиротехникалық тауарлар сақталған. От 350 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнында 13 техника мен 40 құтқарушы жұмыс істеді. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз.

Айта кетейік, департамент мамандары отпен 2 сағаттан аса арпалысты. Себебі базарда гидранттар болмай, құтқарушылардың суды басқа сауда орталығынан тасуына тура келген.

Қойманың ішіндегі тез жанғыш материалдар мен пиротехникалық бұйымдар өртті өшіруге кедергі келтірді. Екі-үші рет жарылыс орын алды. Өрттен келген шығын және оның шығу себебі анықталуда. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ербол Әміров.

Оқи отырыңыз: Семейде бірнеше көшені су басып қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир