|
Jol
15.05.2024 | 19:47
3125

Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды

Уақытша өзгеріске Жайықтың деңгейі тасып, қауіптің артуы себеп болған

Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды Almaty.tv

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолында көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қимыл-қозғалыс шектелген аумаққа Махамбет пен Индер аудандары кіреді. Уақытша өзгеріске Жайықтың деңгейі тасып, қауіптің артуы себеп болған. Арнасынан асқан су 5 ауылдық округтегі жағдайды қиындатты. Ал апаттың алдын алу үшін өңірдегі күштік құрылымдар бақылауды күшейткен.

– Махамбет ауданы Жалғансай ауылы тұсындағы республикалық маңызы бар Атырау - Орал тасжолының 56 шақырымында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Соған байланысты Махамбет ауылы мен Орал қаласына қатынайтын автокөліктер үшін облыстық маңызы бар Атырау-Индер тасжолы және Ортақшыл–Махамбет ауылы тұсындағы көпір ашық, – деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: еліміздегі 8 өңірде төтенше жағадай сақталуда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир