|
26.08.2019 | 13:59
7018

Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды

В результате инцидента пострадали три человека

Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қағады.  

Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады.  

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған.  

"Осы оқиғаның куәгері болдым. Гагарин мен Дружба қиылысында, бүгін тағы төртте төбелес болды. Төбелескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағуды ұйғарды", - деп жазды куәгерлер.  

Толық ақпарат кейінірек жарияланады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир