Петропавлда лифт шахтасынан өрт шықты
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 80 адам эвакуациялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 9 қабатты тұрғын үйден шыққан. Жұмыс істемейтін лифттің шахтасындағы қоқыс тұтанған. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 80 адам эвакуациялады. Соның ішінде 16 бала бар. Ешкім зардап шекпеді. Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыған. Оның неден шыққаны анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58