Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты: Жеңіл көлік екі камаз-дың ортасында қалған

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады. Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады. 

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті»,– деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Новости партнеров