Арқалықта 12 жасар баланы қасқырға ұқсайтын ит талап тастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Арқалық қаласында қаңғыбас ит 12 жасар баланы талап тастады. Бұл оқиға туралы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елдімекенінде болған.
«112 нөміріне Ашутасты ауылының 1992 жылы туған тұрғынынан хабар түсті. Айтуынша, қасқырға ұқсайтын ит 12 жасар баланы талап тастаған. Бұдан бөлек, қаңғыбас ит тағы бір ауыл тұрғынына шабуылдамақ болған. Бірақ ол итті өлтіріп тастады», – дейді жедел жасақтың басшысы Сергей Шмидт.
Куәгерлердің сөзінше, бұл кезбе ит расымен де қасқырға ұқсайды. Қазіргі уақытта жәбірленушілер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптама жұмыстары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13