Алматыда «Мизам» базары өртеніп жатыр
Фото InAlmaty.kz
Қойма 50 шаршы метрді құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «Мизам» базарында контейнер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан 78/1 – «Мизам» базарының аумағында контейнер отқа оранды. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнында өртті сөндіруге талпынып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанып жатқан жер – бірқабатты қойма (металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған).
Ең қауіптісі – жақын жердегі қоймаларға өршуі мүмкін. Қойма 50 шаршы метрді құрайды. Оның қабырғасы кірпіш, шатыры металл. ТЖД 43 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Қосымша өрт сөндіру техникасы жіберілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43