Түркістандық полицейлер өзіне қол жұмсамақшы болған келіншекті құтқарып қалды

фото  пресс-службы ДП Туркестанской области.
фото пресс-службы ДП Туркестанской области.
Полицияға келіншектің көпірден секіргелі тұрғанын өтіп бара жатқан жүргінші хабарлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының тәртіп сақшылары өзіне қол  жұмсамақшы болған жас келіншекті  құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне әлдебір келіншектің өз-өзіне қол жұмсау арқылы көпірден секірмекші болып тұрғаны жайлы өтіп бара жатқан жүргіншіден хабарлама келеді.

Оқиға орнына бірден Жетісай АПБ ЖПҚ-нің патрульді полициясының автоэкипажы жөнелтіледі. Оқиға болған жерге жеткен полицейлер көпірден секіру арқылы өзіне қол жұмсамақшы болған жас келіншекті көреді. Жол-патрульді полиция қызметкерлері, полицияның аға сержанты Е.Бердібеков пен полиция сержанты Т.Бейсенбаев уақытты созбастан, шапшаңдық танытып, келіншекті аман алып қалу үшін көмекке ұмтылып, оны суицидтен құтқарады.

Тәртіп сақшыларының анықтауымен, келіншектің Жетісай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Келіншектің айтуынша, оның суицидке баруына отбасылық жағдайы итермелеген. Полицейлер келіншекпен әңгіме жүргізіп, көмек қолын созған соң, туған-туыстарына табыстады.

Жетісай АПБ басшылығы полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғынды құтқару кезінде кәсіби біліктілік пен қырағылық танытқаны үшін алғыс білдірді.


Новости партнеров