Алматы облысында итті тірідей өртеген балалар ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен итті тірідей өртеп жатқан бейнежазба бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатар қылмыс Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында орын алған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елдімекеннің кәмілетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай», – деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Новости партнеров