Меркі ауданында көше бойынан жасөспірімнің денесі табылды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиғаға кінәлі деп кәмелетке толмаған күдікті ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Меркі ауданында төбелестен жасөспірім көз жұмды. Бақилық болған баланың денесі Сарымолдаев ауылындағы көше бойынан табылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәйітті көрген ауылдықтар Меркі аудандық ауруханасына хабар беріп, оқиға орнына полиция шақырыпты. Құзырлылар әзірге оқиғаның мән-жайын қылмыстық іс құпиялығына байланысты жариялаған жоқ. Белгілісі марқұм қатты заттан соққы алып жан тапсырған. Қазір оқиғаға кінәлі деп кәмелетке толмаған күдікті ұсталды.    

– Жасөспірім өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай кәмелетке толмаған күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Оған қатысты суық қаруды, яғни кастетті заңсыз алып жүргені үшін қылмыстық іс тіркелді, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Саламатов.

Оқи отырыңыз: Қызылордада тәулік ішінде 3 бала терезеден құлаған

Новости партнеров