Браконьерлер қолынан жарақаттанып, ауруханаға түскен қорықшының жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Науқас әлі қосымша тексерулерден өтеді, кеудесі мен қабырға сүйектері компьютерлік томографияға түсіріледі. Науқас арнайы күзеті бар травматология бөліміндегі палатаға жатқызылады", - деді көпсалалы аурухананың хирургия бөлімі директорының орынбасары Дмитрий Чайков.
23 шілдеде екі инспектор киік атып жүрген браконьерлердің ізіне түсіп, оққа ұшқан. Кеудесіне оқ тиген қорықшының бірі дәрігерлер келгенше оқиға орнында көз жұмған. Екінші инспектордың да кеудесіне оқ тиген, бірақ ол денесін тесіп өтпеген. Зардап шегуші орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейіннен оның облыстық ауруханаға ауыстырылғаны хабарланған.