|
Jol
28.07.2024 | 14:26
647

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Учаскелерге орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады elements.envato.com

Рысқұлов-Кудерин жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, 28 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде 23.00-ге дейін қозғалыс Кудерин көшесі бойымен Сахалинская көшесінен тоннельдің

соңына дейін толығымен жабылады, Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыс.

Айналма жол Москвин, Сахалинская, Крылов және Бөкейханов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.

Еске салсақ, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир