ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды. 58 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.
- Ер адам сейфте аңшылық мылтықтарымен бірге алтын бұйымдарын сақтаған. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департамент.
Сондай-ақ үй иесін қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын қайта даярлауға мамандандырылған оқу орталығына жіберу туралы қаулы шығарылды. Қару тәркіленді, оқу курстары аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар жойылған соң қайтарылады.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы азаматтарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды