Алматыда 8 коммуналдық мекеме карантинге жабылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Енді олар да қызметті онлайн режимде қашықтан көрсетеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 8 коммуналдық мекеме карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді олар да қызметті онлайн режимде қашықтан көрсетеді. Қаладағы су, электр энергиясын, жылуға жауапты кәсіпорындар 100 апаттық топ құрып, жұмыстарын жалғастыра береді. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында энерготиімділік және инфрақұрылымдық басқармасының басшысы Әсет Масабаев мәлімдеді. Ал қызметте жүрген жұмыскерлер қорғаныс құралдарымен толық қамтылады. Айта кетейік, тұтынушылар кеңес алу үшін арнайы телефон нөмірлері бар. Оны тиісті басқарманың сайтынан табуға болады.

«Бүкіл жұмыс қалыпты жағдайда болады. Және де сапасы төмендемейді. Бұл жерде бір ескертетін жағдай қандай да бір жағдай болмасын біздің OpenAlmaty мекемесіне немесе қазір ақпараттық көрсетілетін біздің телефондарды, электронды адрестерді береміз. Кез келген сұрақтарыңызды беріп отырсаңыздар, дер кезінде осы коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ. 


Мәселен, Алматы жылу жүйесі түскен қоңырауға жылдам жауап беру үшін операторлар санын арттырған. Кәсіпорын жұмысшылары штаттық режимде жұмыс істейді. Тек кейбір қызметкерлер ғана еңбек демалысына жіберіліп, келушілерге тыйым салынды. Ал қызметте жүрген жұмыскерлер қорғаныс құралдарымен толық қамтылған. Күнделікті тепловизормен дене қызуы тексеріледі. Осылайша, апаттық жағдай бола қалса, коммуналдық қызмет сақадай сай.

«Қауіпті індет тараған сәтте жұмысшылардың амандығы, денсаулығы біз үшін маңызды. Олардың қауіпсіздігі үшін медициналық маска сатып алынды. Антисептиктер орнатылды. Халыққа коммуналдық қызметтер шектеусіз, үзіліссіз беріліп тұрады. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ»,  – деді «Алматы жылу жүйелері» жшс техникалық директоры Данияр ҚАЗЫМБЕТОВ.



Новости партнеров