Атырауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысында тасжолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, вахтамен жұмыс істейтін жұмысшыларды таситын автобуста өрт бейсенбі күні кешке Атырау-Доссор жол бөлігінде тұтанған. Абырой болғанда, салондағы жолаушылар сыртқа шығып үлгерген, ешкім зардап шекпеген.
Тілсіз жауды сөндіруге 11 құтқарушы мен 3 арнайы техника жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53