Жекеменшік үйден өрт шықты

Стоп кадр Almaty.tv
Стоп кадр Almaty.tv
Оқыс оқиға орнында 9 техника мен 30-дан адам жұмыс істеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жекеменшік үй отқа оранды. Тілсіз жау бүгін таңғы сағат 6:45-те әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, қызыл жалынның көрші үйлерге таралу қаупі жоғары болыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мамандар жақын маңайда орналасқан жеке сектордағы үйлер қазір оқшауланғанын хабарлады. Өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде отты ауыздықтап үлгеріпті. Зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға орнында 9 техника мен 30-дан адам жұмыс істеді. 

«Өрт сөндірушілер Бостандық ауданы Алмагүл ықшамауданы, Дружба, 38 мекенжайынан шықты. Алғашқы өрт сөндірушілер бөлімшелері 7 минут ішінде жетті. Жеке тұрғын үйдің 1-қабатын жалын шарпып жатты. Үйдің ағаш қаптамасы мен жабындылары  қатар тұрғандықтан, өрт көршілес үйлерге де тарай бастаған», – деді Бостандық ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Еркебұлан Қасенов.

Новости партнеров