|
Jol
29.08.2024 | 14:29
1087

Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады

Алматыда Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады elements.envato.com

29 тамыз күні сағат 23.00-ден 31 тамыз күні сағат 11.00-ге дейін Мақатаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл аумақты Мүслім мен Ришат Абдуллиндер көшесі, Гоголь және Төле би көшелерімен, сондай-ақ Зенков пен Қайырбеков көшелері арқылы айналып өтуге болады.

30 тамыз күні сағат 23.00-ден 1 қыркүйек күні сағат 11.00-ге дейін Төле би көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Зенков, Ришат және Мүслім Абдуллиндер көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервисінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир