|
27.05.2020 | 14:29
3813

Жетісу ауданындағы қонақ үйдің бірі өртке оранды

Өрт 3-қабатты ғимараттың шатырынан басталған

Жетісу ауданындағы қонақ үйдің бірі өртке оранды Almaty.tv

Алматыда тағы да өрт шықты. Бұл жолы тілсіз жау Жетісу ауданындағы қонақ үй кешенінен тұтанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрт 3-қабатты ғимараттың шатырынан басталған. Жоғарғы қабатында қонақ үй орналасса, бірінші қабатында дүкендер, тамақтану дүңгіршіктері, көлік жуу орталығы мен монша бар. Абырой болғанда, қонақ үйде ешкім болмапты. Ал, дүкендер мен тамақтану дүңгіршіктерінде болған қызметшілер мен келушілер және әкімшілік қызметкерлері бірден қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер жоқ. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметкерлеріне бірқатар қиындықтар тудырған. Яғни, ғимараттың айналасында тұраққа қойған автокөліктер кедергі келтірген көрінеді.

«Қазіргі кезде өрт толығымен қолға алынды. Жанында тұрған ғимаратттарға ешқандай өрттің өтіп кететін қаупі жоқ. Өрттің орнында 55 адам, 16 техника жұмыс істеп жасап жатыр», – деді  Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан ӘЛІБЕКОВ.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир