Өскеменде дүкен өртеніп, 9 адам эвакуацияланды
inform.kz
Оның ішінде 2 бала бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында дүкен өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен өртенген.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 9 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 2 бала бар.
«Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығу себебі - жарықтандырылған сөренің апаттық режимде жұмыс істеуінен болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте құтқарушылар объектілердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06