|
20.10.2020 | 14:32
768

СҚО-да заңсыз елік атқан браконьер ұсталды

Сондай-ақ тіркелмеген оқтаулы ТОЗ-63 мылтығы тәркіленді

СҚО-да заңсыз елік атқан браконьер ұсталды  inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік атты деген күдікпен ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл аудандық полиция бөліміне сағат түнгі 01.30 шамасында СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы аудандық бөлімінің басшысынан заңсыз аңшылық жөнінде хабарлама түседі. Олар рейд барысында аудан орталығы Пресновка елді мекенінен 60 шақырым жердегі Суаткөл ауылының маңында ВАЗ-2104 көлігін тоқтатқан. Көлікте үш ер адам болған, салоннан еліктің еті мен аңшы мылтығы табылды.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетіп, көліктің жүксалғышынан сібір елігінің етін және пышақты алды. Сондай-ақ тіркелмеген оқтаулы ТОЗ-63 мылтығын тәркіледі. 

«Тексеріс барысында сол түні Явленка ауылының 40 жастағы тұрғынының екі танысымен Тимирязев ауданына жұмыстарымен шыққаны белгілі болды. 

Айтуларынша, Жамбыл ауданымен шекарада олар ауыл ішілік жолда елікті көріп қалып, атып алыпты. Сол түні СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мамандары рейдке шыққан екен. Олар бейсауат жүрген көлікті тоқтатып, тексерген»,– дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов. 

Бұл факті «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге «шақырғанда міндетті түрде келу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қару мен аң еті сараптамаға жіберіліп, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир