Қостанай облысында ірі көлемде гербицид ұрлағандар ұсталды

alau.kz
alau.kz
Шығын көлемі 15 миллион теңгеден асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының полицейлері қоймадан химиялық заттарды ұрлаған бұзақыларды қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға Ұзынкөл ауданының Варваров ауылында болған. Жергілікті серіктестік жетекшісі гербицид ұрланғанын айтып, полицияға хабарлаған.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері ЖШС аумағында орналасқан қоймаларды тексерді. Аспалы құлыптарды бұзу арқылы өсімдіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттардың қолды болғанын анықтады. Шығын көлемі 15 миллион теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары Меңдіқара және Қостанай аудандарының екі тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы, 4-тармағы (Аса ірі көлемдегі ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.  


Новости партнеров