Алматыда жасөспірім жаттығу жасап жатқан кезде құрдастарының көз алдында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында танымал дәрігер Жібек Жолдасова жазды. Оның ұлы осы оқиғаның куәгері болған екен.
"Ұлымның айтуынша, жаттығу кезінде жүрекке жүк түсетіндей ештеңе болмаған. Аз ғана жаттығудан соң барлығы ойынға көшкен. Сол кезде әлгі бала кенет жүрегін ұстап отырып қалған да, жүріп кете барған. Бір емес, екі жедел жәрдем келді, бірақ құтқара алмады. Жасөспірімдерден денсаулығы туралы анықтама бірінші күннен бастап талап етіледі екен. Барлық балада мұндай анықтама бар, біз ұлымыздың жүрегін УЗИ-ге түсіргенбіз. Кенеттен болған өлім, ең ауыры, әсіресе ата-ана үшін. Кешкі уақытта бапкердің өтініші бойынша, барлығын қайта шақыртып - полицияға куәлік ету үшін шақырылған. Ұлым шок алды - мұның қалай болғанын түсінбей дал. Жанымда жүгіріп, секіріп жүрген еді. Балаларыңыздың денсаулығын бақылаңыздар. Кейде бәрі сіз ойламағандай болып шығады. Жақындарына көңіл айтамын", - деді ол.
Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы мәліметті растады. Онда баланың жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын айтып, дәрігерлердің ештеңе істей алмағанын айтты. Баланың неден қайтыс болғаны сот медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.