Алматыда қоғамдық орында өткір иісті газ шашылды
elements.envato.com
Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын Арбатқа көз ашытатын өткір иісті бұрышты газ баллонын шашып жіберген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бейнежазбадан адамдардың тұншығып, жөтеліп жатқанын көруге болады.
Қалалық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
- Қоғамдық орында бұрыш иісті газ шашқан бұзақының кім екені анықталып жатыр. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Павлодарда шыбын-шіркейлерді улау жұмысы басталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40