Сарбаз парашютпен секіріп мерт болды

aikyn.kz
aikyn.kz
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Бүгін Астана маңында оқу-жаттығу кезінде сарбаз көз жұмды. Қорғаныс министрлігінің таратқан ақпарына сай, жауынгер парашютпен секіру кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс басталды. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамыз деген Қарулы күштердің басшылығы сарбаздың отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Ол әскер қатарына 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында зор беделге ие болған еді. Нағыз патриот, үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарының орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің жанұясына көмек көрсетуге қажетті шаралар қабылданатын болады», – деді ҚР Қарулы күштері құрлық әскерінің бас қолбасшысы Талғат Қойбақов.








Новости партнеров