Ер адам әйелімен ұрысып, 8 айлық қызын бауыздап тастады
Пышақ жарақатын алған емшектегі бала сол жерде қайтыс болып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің Ставрополь өлкесінің Грачевск ауданындағы Бешпағыр ауылында қайғылы оқиға орын алды. Жергілікті тұрғын әйелімен жанжалдан кейін ашуланып, 8 айлық қызына бірнеше рет пышақ сұғып алған, деп жазады Stan.kz.
Өкінішке қарай, пышақ жарақатын алған емшектегі бала сол жерде қайтыс болып кетті. Ал, ер адам туған қызын бауыздап өлтіргеннен кейін өзіне қол салмақ болған. Дегенмен, полиция дер кезінде жетіп, оны ұстап, алғашқы көмек көрсету үшін медициналық мекемеге апарды.
Енді, күдіктіні сот күтіп тұр. Ол Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы «кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша айыпталуда. Қолданыстағы заңға сәйкес, ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13