«БТА Банкі» директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн доллар бопсалағандар ұсталды

«БТА Банкі» директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн доллар бопсалағандар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«БТА Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн АҚШ долларын  бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«2019 жылғы 19 қаңтарда Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Д.Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Д.Әлпиев пен Э.Сүлеймановті қылмыс үстінде ұстады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Бас прокуратура мәліметінше, аталған адамдар «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасынан 1 млн АҚШ долларын Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.

Бұл ретте Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.

«Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлейменовтарға қатысты Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын  тағайындады. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», - делінген таратылған ақпаратта.


Новости партнеров