Алматы көшесін ыстық су басты (видео)
Апаттың болу себебі - 1971 жылы пайдалануға берілген 700 мм диаметрлі құбыр желісінің тозуы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының коммуналдық қызметшілері Бөкейханов-Райымбек көшелері маңындағы жарылған жылу желісін қалпына келтіруде, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Тоғыз бригада бүгін талтүсте Бөкейханов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысына жақын учаскедегі жылу желісінің апатын жою жұмыстарымен айналысуда.
Апаттың болу себебі - 1971 жылы пайдалануға берілген 700 мм диаметрлі құбыр желісінің тозуы.
Қазіргі кезде жылы су сорып алынуда және істен шыққан құбыр желісінің сегменті ауыстырылуда.
АлЖЖ мен Алматы әкімдігінің Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшылары жағдайды өз бақылауларына алған.
Бірнеше сағаттар ішінде тұтынушыларға ыстық су берілетін болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32