Елордада коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері бюджеттен 1,8 млрд теңге жымқырған
Фото: Тұрар Қазанғапов
Мұндай ақпаратты шаһардағы экономикалық тергеу департаменті таратып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 1,8 миллиард теңгесін жымқырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай ақпаратты шаһардағы экономикалық тергеу департаменті таратып отыр. Заңбұзушылық QAZYNA жедел алдын алу шарасы барысында анықталған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ 2012 мен 2019 жыл аралығында бюджеттің ақшасын қалтасына басқан болуы мүмкін. Қазір аталған факт бойынша «аса ірі көлемде өзгенің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, күдіктілер «Қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу» және «Қылмыстық топ құру және жетекшілік ету» баптары бойынша да тергеліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33