Карантинде Алматыға кіргісі келген үш шетелдік қамауға алынды

polisia.kz
polisia.kz
Олар Боролдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін, бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтудің жолын кесу фактілері  жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жақында Алатау ауданында Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Олар Боролдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, ер адамдар жұмыс іздеп Алматыға бет алған, олар карантин туралы білмедік деді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің  476 бабы - төтенше жағдайды бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарты  және әкімшілік қамауға алынды », - деп хабарлады,  Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы,  полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Новости партнеров