Атыраудағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі көз жұмды
azh.kz
Газ таситын көлік жүргізушісінің артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 5 маусымда болған еді. Жарылыстан күйік шалған 4 адам ауруханаға түсті.
Соның бірі – газ таситын көліктің жүргізушісі. Өкінішке қарай, денесінің 90 пайызын күйік шалған жүргізуші ауруханада қайтыс болды.
Жүргізуші Құрманғазы ауданының тумасы. Атырау қаласында баспана жалдап тұрған. Артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59