|
03.04.2024 | 14:48
1492

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында газ жарылды

Үйінді астынан үй иесінің мәйіті табылды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында газ жарылды Almaty.tv

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында газ жарылып, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға таңғы сағат 03:35-те тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат салдарынан 5 бөлмелі үйдің жалпы 100 шаршы метр аумағы күлге айналды. Ал үйінді астынан 1982 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Оқиға орнына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» бригадасы жеке тұрғын үйде қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады. Бұған дейін аталған үйге мамандар келіп, жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген көрінеді. Алайда үй иелері бұл ескертуді елемепті. 

– ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі сараптама тағайындалды. Алда сот сараптамасы дайын болғанда нақты қорытынды жасалады, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Ақан Нұрдәулет.

Оқи отырыңыз: СҚО-да үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир