Жолаушылар арасында балалар бар
Ақтөбеде ірі көлік апатынан 8 адам мерт болды. Ақтөбе-Астрахань тасжолындағы Темір көпір стансасына жақын жерде "Лада" мен "Тойота" соқтығысып, бір автомобиль толығымен өртеніп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға бүгін таңертең тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 3 адамның Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынғанын хабарлады. Қазір марқұмдардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.
Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.
– Ақтөбе облыстық департаменті адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу аясында жол-көлік оқиғасының себептерін және зардап шеккендерді анықтау шаралары жүргізілуде, осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – деді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдос Құлжанов.
Оқи отырыңыз: ШҚО аудан әкімдігі қызметтік көлікті 2 есе қымбатқа сатып алмақ болды