Шахтадағы өрт: апатқа жауапты тұлғалар анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Апатты тергеу жұмысының қорытындысы жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстан» кенішіндегі қайғылы жағдайға 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі. Апатқа жауапты 28 тұлға анықталған. Оның екеуі – Үндістан азаматы. ТЖМ Сырым Шәріпханов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін өндіріс орнындағы апатты тергеу жұмысының қорытындысы жарияланды. Үкіметтік комиссия сараптамасына сәйкес, кеніштен өрескел техникалық ақау мен қателік табылған. Шахтаның инженерлік-техникалық жағдайына өндірістік бақылау ықтиятты жүргізілмегені белгілі болды. Жұмыс беруші адамның да, нысанның да техникалық қауіпсіздігіне атүсті қараған.

– 19 тамызда Үкімет апаттың және жұмысшылар өлімінің себебін тексеру үшін комиссия құрды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс беруші 100% кінәлі болып отыр. Заң талаптарын бұзған 28 тұлға қайғылы оқиғаға жауапты деген күдікке ілінді. Барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылады. Шахтадағы өрт әлі де толық сөнген жоқ. Жағдайды мамандар бақылап отыр, – деді ҚР ТЖМ Сырым Шәріпханов.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында баласын саудаға салған азамат ұсталды

Новости партнеров