Жетісу облысында баласын саудаға салған азамат ұсталды

forumdaily.ru
forumdaily.ru
Тергеу барысында әйелдің мұндай әрекетке бұған дейін де барғаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында баласын саудаға салған 23 жастағы азамат ұсталды. Ол жуырда ғана жаңа туған сәбиін мұқтаж отбасыға беріп жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу барысында әйелдің мұндай әрекетке бұған дейін де барғаны анықталды. Облыстық Полиция департаменті аталған алғашқы факті 2022 жылы қазанда тіркелгенін растады. Ол кезде жас ана 1 жасқа толмаған баласын 1 миллион теңгеге саудалаған.

– ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы бойынша қозғалған іс материалдарында делдал және сатып алушы ретінде әрекет еткен тағы 3-4 тұлға анықталды. Ал балалардың екеуі де асырап алған ата-анасының қолында, – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Оұи отырыңыз: Шымкентте дүкен тонаған күдікті ұсталды

Новости партнеров