11 жылқыны пойыз қағып кетті

zapad24.ru
zapad24.ru
Бүгінде темір жол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында қараусыз қалған жылқылар пойыздың астында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисті түн уақытында «Аршалы-Анар» аралығында 11 бас жылқыны қағып кетті. Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде.

Темір жол – аса қауіпті аймақ. Осыған орай, көлік полициясы қараусыз қалған малдың пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы да ескертеді. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс.

Ағымдағы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдардың шығып кетуімен байланысты болған. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда. Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Мәселен, ағымдағы жылдың 16 ақпанында сағат 01.38-де Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына «Торғай- Селеті» аралығында жүк пойызының машинисті темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шұғыл тежеу қолданылғанмен, 3 жылқыны қағып кетті.

Новости партнеров