|
18.02.2020 | 16:06
3798

Алматыға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінен құнды еңбектер әкелінді

Сондай-ақ, бүгінгі көрме аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті

Алматыға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінен құнды еңбектер әкелінді Аlmaty.tv

Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты талай ғалымдардың еңбегіне негіз болған қолжазбалар бүгін алғаш рет көрмеге қойылды. Оған Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың Абайдың өмірінің соңғы жылдары, Ахат Шәкәрімұлының Құнанбай туралы естелігі мен Ниязбек Алдажаровтың естеліктері негіз болған. Алматыдағы Әл-Фараби орталығында қойылған «Абай әлемі» кітаптар мен қолжазбалар көрмесіне Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінен құнды еңбектер әкелінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Абайдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында үлкен ақындардың арнау өлеңдері шығарылған көптеген. Сол арнау өлеңдері кітап болып сол кезеңде баспадан шыққан екен басылып, машинкамен дейміз ғой, сондаймен басылып, кітап етіп шығарған. Сол кітапты бүкіл Қазақстан бойынша бір экземпляр ғана, соның біреуі біздің музейде сақталған. Соларды әкеліп отырымыз. Одан бөлек, басқа да Абайдың өмірі мен шығармашылығы, одан кейін Абайдың қоғамдық қызметі», – деді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан ЕЛЕКЕНОВА.

Ал ертең Ғылым Ордасының сирек кітаптар орталығында Абайдың «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты көрмесі өтеді. Онда ақынның 1885 жылы өлкетану музейіне өз қолымен тапсырған заттай жәдігерлері, оның Ахмет риза мешіт-медресесінде оқыған кезеңіндегі 252 кітабы сол көрмеден орын алады. Сондай-ақ, бүгінгі көрме аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті. Онда Әл-Фараби мен Абайдың рухани сабақтастығы сөз етілді.

«Егер де Фараби өзін Аристотель мен Платонның шәкіртімін десе, соның еңбектеріне тракт жазып, өз тарапынан еңбек жазған болса, Абай да сол кісілердің еңбектерін оқу арқылы оның Фарабимен ұқсастығын байқаймыз, әсіресе этикалық қөзқарастары, мысалы - бақытқа қатысты», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек АЛТАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир