«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасындағы апаттан кейін құрылған комиссия жұмысы он күнге ұзартылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Көмек көрсетуге 14 адам жұмылдырылған. Тоғыз бөгет тұрғызылып, 100 пайыз толтырылған. Үш бөгеттің құрылысы мен өрт ошағын сөндіру жұмысы жалғасуда. Ведомство өкілі «газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіші тұрақты» дейді.
Еске сала кетейік, 17 тамызда өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған 5 кеншінің қаза тапқаны расталған.
Оқи отырыңыз: «Қазақстан» шахтасындағы апат: кен өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды