2021 жылдың 15 маусым күні жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 112 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 95 симптомдық белгілері бар және 17 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық емделіп шығарылғандар – 106, келіп түскені – 64.
Барлық инфекциялық стационарларда (1 730 төсек-орын) жалпы саны 706 адам (оның ішінде 26 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 71.
ӨЖЖ – 12, инвазивті емес ӨЖЖ – 24, High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 923 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 727, симптомсыз 196 науқас бар.
2021 жылдың 16 маусымға арналған вакцинация бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 6 032 адам вакцина алды.
01.02.2021-15.06.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 51 497 адам вакцинацияланды.
Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 39 026 адамды құрайды.
«Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 69 853 дозасы және екінші компоненттің 105 778 дозасы бар», – деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.