Ит қапты: Жаркентте ер адамның денесі табылды
stan.kz
Полиция оқиғаны жан-жақты зерттеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаркентте көшеден ер адамның денесі табылды. 54 жастағы жергілікті тұрғынды ит талаған деген болжам бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марқұмның бас еті жырым-жырым жараланған. Қазір полицейлер оқиғаны жан-жақты зерттеп жатыр. Ер адамды күшіктеген питбуль өлтіруі мүмкін. Себебі жақын маңдағы жер үйдегі төбеттің денесінен қан тәрізді қоңыр дақ табылған.
«Жақын маңдағы жер үйде питбуль тұқымды ит анықталып, оның жүнінде қан тәрізді қоңыр дақ болды. Итті уақытша ұйықтатып тастады. Ер адамның ажалы шынымен де ит қапқаннан болған-болмағаны қазіргі уақытта анықталуда», – деді Жетісу облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52