Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі үш күннен кейін табылды
ашық дереккөзден
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Каспий теңізінде жоғалған балықшының денесі үш күннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1987 жылы туған ер адам 29 шілдеде Құрық ауылының маңында балық аулау кезінде жоғалып кеткен. Сол күннен бастап іздеу шаралары үздіксіз жүргізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар және жоғалған адамның туыстары жүргізді. Сондай-ақ тікұшақ пен дрондар тартылды.
«1 тамызда жергілікті балықшылар жоғалған адамның мәйітін алып шықты», - делінген баспасөз мәліметінде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
03.10.2026 15:30
Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды
02.10.2026 10:30