Ақтөбе облысындағы су тасқыны: 12 адам эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйінде жүр

kaz.zakon.kz
kaz.zakon.kz
365 адам өз үйіне оралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70 500 текше метр еріген қар суы сорылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қобда ауданының Қобда ауылында тартылған күштер мен құралдармен 13 тұрғын үйден су сору жұмысы жалғасып жатыр. Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пункттерінде, 79 адам туыстарының үйіне орналастырылды. 365 адам өз үйіне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауылшаруашылық жануарлары өз қорасына оралды.

Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

"Жедел желі" телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түскен.

"2023 жылғы 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. Бір учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды", – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Новости партнеров