Шымкентте газ құбыры істен шықты: ақауға жер сілкінісі себеп болған

elements.envato.com
elements.envato.com
Жөндеу жұмыстарына 40 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды. Мамандар газ құбырында болған ақауға жер сілкінісі себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "ҚазТрансГаз Аймақ" Instagram ресми парақшасына сілтеме жасап. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мәліметіне сүйенсек, газ қызметкерлері Шымкентте газ құбырындағы ақауды жедел қалпына келтірген. Тұтынушыларды табиғи газға қайта қосу жұмыстары толық аяқталды. 

- 3 ақпанда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне Шымкент қаласының Мәртөбе шағын ауданындағы Ақдала көшесінде газдың иісі шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Газ құбырындағы ақау дереу анықталып, оны жедел қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тұтынушыларды газға қайта қосу жұмыстары 4 ақпан күні таңертең толығымен аяқталды. Болған жағдайға тоқталсақ, кеше диаметрі 325 мм жоғары қысымды жерасты газ құбырында газдың ауаға тарап жатқаны анықталды. Қауіпсіздік мақсатында және апатты жою үшін жеке сектордың 1 450 тұтынушысы, 7 өнеркәсіптік кәсіпорын және 12 коммуналдық-тұрмыстық объекті газдан шұғыл жүйесінен ажыратылды, - деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар "ҚазТрансГаз Аймақ" газ құбырындағы ақауға жер сілкінісі себеп болғанын айтты. 

- Газ құбырындағы бұл жағдай жақында болған жер сілкінісі салдарынан пайда болды. Бұған дейін де осындай жағдай Қайнар ауылының маңындағы орта қысымды жерасты газ құбырында тіркелген болатын. Өз кезегінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ және "ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-мен бірлесіп өткен жер сілкінісінен кейін 23 қаңтардан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын газ құбырларын тексеріп келеді. Бұл жұмыстар үшін "ДЛС-Пергам" мобильді зертханасы қолданылады. Апатты жағдайды жоюға және газды қайта қосу жұмыстарына 40 адам және 5 арнайы техника жұмылдырылды, - деп мәлім етті мекеме. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталған болатын. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен 7 өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылған еді.

Оқи отырыңыз: Қытайда тағы жер сілкінді

Новости партнеров