|
23.05.2020 | 15:44
5348

Алматы облысында мың түп қара сора өсірген тұрғын ұсталды

Кінәлі тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында мың түп қара сора өсірген тұрғын ұсталды

Алматы облысының тұрғыны бақшасындағы жер телімінде мың түп қара сора өсіргені анықталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің оңтүстік өңірінде күн жылынған уақытта құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсіру  әрекеттері де көбея бастайды.    

«Алматы облысының есірткі полицейлері жедел ахуалды зерделеу және пысықтау нәтижесінде, Қарасай ауданы Қолды  ауылында бақшасындағы жер телімінде 1259 түп қара сора еккен жергілікті тұрғынды анықтады», - делінген хабарламада.

Заңсыз плантация  ғылыми-аграрлық  жолмен егілген, яғни өсімдіктерді қоректендіру және тамшылап суару әдісі қолданылған. Кейін өсімдікті толыққанды суарып отырмақ болған.  Қара сора плантациясын көршілерден жасыру үшін екі метрлік  қоршаумен қоршалған.

Ұсталған адамның үйіне және шаруашылық құрылыс жайларына тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған үш  пакет, сондай-ақ қара сора дәндері бар пакеттер табылды.  

Қара сора өсірілген плантация жойылды.

Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы (құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша жаза екі мың АЕК  дейін айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир