Алматыда автобус қағып кеткен қыз ауыр халде жатыр

Қоғамдық көліктің астына түскен оның белі мен балтырына зақым келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқиға Қабдолов пен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алған. Қоғамдық көліктің астына түскен оның белі мен балтырына зақым келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

31 жастағы зардап шегуші жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатыр. Қызды қаққан №45 автобус «АлматыЭлектроТранс» компаниясына тиесілі екенін анықталды. Қазір оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

«Алып келген кезде жағдайы өте ауыр болды. Травматикалық шок, оң аяғының жыртылған. Дереу ота жасадық. Отадан кейін қазір жансақтау жатыр. Есін жиды. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, ауыр», – деді Алматы қаласы №7 ҚКА жансақтау бөлімінің меңгерушісі Есенай ЕСПЕНБЕТОВ.

Өз кезегінде, қазіргі таңда Әуезов аудандық полиция басқармасының  қызметкерлері тергеуді бастады. Алынған жарақаттың деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандығын анықтау мақсатында автотехникалық сараптама да жүргізіледі.

Новости партнеров